«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығын қалыптастыру мақсатында “Мейірім мен дәмнің қосындысы-бауырсақ жасау!” тақырыбында “Ақгүл” тобында біздің кішкентай шеберлеріміз ұлттық тағам-бауырсақ дайындауды үйренді. Бұл тек аспаздық емес, нағыз өнер мен шыдамдылықты үйрететін тамаша сәт болды.

Өз еңбегінің нәтижесін көру - балалар үшін үлкен қуаныш! Осындай тәрбиелік мәні бар жұмыстар балаларды еңбекке,ынтымақтастыққа және ұлт тағамдарын бағалауға үйретеді. Ұлттық тағамға құрмет баланың жүрегіне бала кезден егіледі. Тәрбиеші: Алчурина Кәмшат Мұхамбетиярқызы #құндылық