Шұбарқұдық кентінің нақ ортасында орналасқан «Балауса» бөбекжай-балабақшасының жүрегі 1972 жылдың наурыз айынан бастап соғып келеді.
Елу жылдық тарихы бар бұл балабақша талай қиын да қызықты кезеңдердің куәсі болған.
Балабақша алғаш ашылғанда Темір жол мекемелеріне қатысты болып, А.Д.Соловьева меңгеруші қызмет атқарған. Ол кездері балабақша №31 «Чебурашка» деп аталатын.
1978 жылдан бастап 1992 жыл аралығында балабақшаның басшылық қызметі Л.Я.Прокопенконің құзырында еді. Бұл кезендерде педагогиқалық-техникалық қызметкерлердің сол уақыттың талабына сай жұмыс жасауына мүмкіндік мол еді, өйткені жаңа ғимарат, су жаңа әрі сапалы жиһаздар еңбекке қажетті құрал - жабдықтар жеткілікті болатын. 1992 жылдың қаңтар айында Л.Я.Прокопенконің зейнеткерлікке шығуына байланысты, 1992 жылдың ақпан айынан бастап балабақшаның басқару жүйесі Я.К.Туленоваға көшеді. Осы уақыттарда «Чебурашка» бақшасының аты «Балауса» балабақшасы деп өзгертілді.
1994 жылдың наурыз айынан бастап балабақшаға жаңа меңгеруші болып Р.Н.Васильева тағайылдалды.
1996 жылы «Балауса» балалар бақшасы Теміржол мекемесінен Темір аудандық білім бөліміне берілген еді. Мемлекетіміз егемендік алып,көзі ашылғанымен, бауырын көтеріп кете қоймаған, сол бір қиын шақтар болатын. Барлық мекемелерде жұмыс орындары қысқартылып,мекемелер жабылып та жатты. Бұл дерт «Балауса» балабақшасында айналып кетпесе керек, бақшадан көптен қызметкерлер қысқартылды. Не бары 2 топ пен, ұжымда 5 қызметтер қалып, тіпті еңбек ақысыз да жұмыс жасап тіршілікті тоқтатпай ұжым мүшелеріне дем беріп Р.Н.Васильева балабақшаны жабылып қалудан аман алып қалған еді.
Бүгінге дейін балабақша жүрек соғысын тоқтатпай мемлекетіміздің аяғын нық басып, алға дамуының куәсі болып отыр. Қиын қыстау кезеңде тәрбиешілер ата-аналардан балаларын бақшаға әкелуін өтініп сұрайтын, бүгінде бұл жағдай кері айналып бақшадан баласына орын сұраушы ата-аналар легі толастар емес.
2018 жылдың сәуір айында Р.Н Васильеваның зейнеткерлікке шығуына байланысты қыркүйек айынан бастап балабақшаның меңгерушісі болып А.М.Жанекешова тағайындалды.
2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына ауысып, ағымдағы жылдың шілде айының 28 - нен бастап «Балауса» бөбекжай - балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып атауы өзгертілді.
https://balausa-sad.testim.kz/kz/biz-turaly.html#sigFreeId29cd7511f4










