Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары аясында Темір ауданындағы «Балауса» бөбекжай - балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қолданылатын инновациялық әдіс - тәсілдер» тақырыбында шара өтті.
Семинарда әр баланың бойындағы ерекше қабілетті ашуға мүмкіндік беретін, тұлғалық дамуға бағытталған әдіс - тәсілдерді меңгеру, білім мен тәрбие сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсаты көзделді.
Шара барысында педагогтер логикалық ойлауды дамытатын құралдармен, шығармашылық пен қолөнерді ұштастырған шеберлік сағаттарымен, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын озық тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар өзара тәжірибемен алмасып, балалардың қызығушылығын арттыратын, ой - өрісін кеңейтетін технологиялар арқылы тәрбиелеу тәсілдерін кеңінен талқылады.










